Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты дөңгелек үстел өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты өткізу және объектішілік режимді қамтамасыз ету сұрақтарын талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелге ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімінің бас маманы А.Кульсимаков, соттардың инфроқұрылымын қамтамасыз ету және дамыту бөлімінің басшысы Д.Мәуленов, судьялар мен сот мамандары қатысты. Ic-шараға ҚР ІІМ Ақмола облысы мамандандырылған күзет қызметі басқармасының өкілдері – бөлім басшысы С.Жармұхамедов, аға инспекторы Е.Садвақасов және взвод командирі К.Әлімбаев шақырылды.

Сот төрағасы Б.Баймырзин өз сөзінде іс-шараны өткізудің басты мақсаты қауіпсіздікті қамтамасыз ету және күшейту, рұқсатнамалық тәртіптемені қадағалау мәселелері бойынша мамандандырылған күзет қызметі басқармасының органдарымен бірлесіп жұмыс істеу екенін айтып өтті .

Дөңгелек үстелге қатысушылар рұқсатнамалық тәртіптемені күшейту, бөгде адамдардың сот аумағына және сот ғимаратына кіруін тоқтату, лаңкестік әрекетті жасау қауіпі туындаған сәтте қызметкерлердің іс-әрекеті, тыйым салынған заттарды, фото, бейнекамера, интернеттік модульмен жабдықталған мобильді құрылғыларды кіргізу және материалдық-техникалық қамтамасыз ету сұрақтарын талқылады. Сонымен қатар төтенше жағдайлар кезіндегі қызметкерлердің іс-әрекеті жайлы бейнероликтің көрсетілімі ұйымдастырылды.

Сот төрағасы сот ғимаратының күзет қызметін қамтамасыз ететін қызметкерлердің тәртіп сақтауын тапсырып, соттың тиісті күзет қызметін қамтамасыз ету бойынша мақсаттар мен жұмыс істеу міндеттерін анықтады.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі