Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында банктік дауларды медиацияны қолдану арқылы реттеу мәселелері талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында банктік қарыз шарттарынан туындайтын дауларды медиацияны қолдану арқылы реттеу мәселелерін талқылау бойынша«дөңгелек үстел» өтті.

«Дөңгелек үстелге» судьялар, сот мамандары, сондай-ақ «Медиация даму орталығы» Ассоциациясы, «Халықаралық Құқық Қорғау орталығы» ҚБ, кәсіби медиаторлар мен Ақмола облысының екінші деңгейлі банктердің өкілдері қатысты. 

«Дөңгелек үстелге» қатысушылар дауларды тараптардың келісімге келуімен аяқтау нарық субъектілерінің арасында адал, іскерлік қатынастарды сақтауға және банк саласы мен қоғамдағы шиеленістерді азайтуға, тараптарға  өз күштерімен дауларды реттеугемүмкіндік беретінін және сот өндірісі тәртібін жеңілдетіп, азаматтық-құқықтық даулардың шешу мерзімін біршама азайтатындығын айтты. Оған қоса, медиация рәсімдерін қолдану банк пен тұтынушы арасындағы қатынасты реттеп, проблемалы қарыздарды қайта есептеу мен қайта құрылымдауға, борышкердің қарыздық жүктемесін азайтуға, қарызды өтеу тәртібі мен кестесін өзгертуге, айыппұл санкциясын алып тастауға, банк келісімімен кепілдік мүлікті сатуға және өзге де қарыздық қаражатты кері қайтаруға байланысты сұрақтарды шешуде тиімді екендігін айтты.    

Басқосу қорытындысы бойынша қатысушылар бірқатар ортақ келісімдерге келді. Атап айтқанда, банк саласында медиацияны кеңінен қолдану, «Медиация даму орталығы» Ассоциациясы, «Халықаралық Құқық Қорғау орталығы» ҚБ-іекінші деңгейлі банктеріне медиаторлардың мәліметтері мен тізімін және үгіттеу ақпаратты жолдау қажеттігі айтылды.Сондай-ақ, Ақмола облысының екінші деңгейлі банктеріне дауды медиация тәртібімен шешу мақсатында белсенді жұмыстар жүргізу, атап айтқанда проблемалы тұтынушылармен жұмыс барысында медиаторларды қатыстыру қажеттігі ұсынылды.  

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі