Ақмола облысының соттарында істер татуластыру рәсімдерін қолданумен қаралуда

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысының аудандық және оларға теңестірілген соттарында азаматтық, қылмыстық  және әкімшілік істер бітімгершілік келісім жасау, медиацияны қолдану және партисипативтік рәсім тәртібімен каралды.

Мысалы, Ақкөл аудандық сотында ұрлық жасады деп айыпталған азамат З-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. Сотқа жәбірленушіден сотталушымен медиация тәртібімен татуласуына және келтірген зиянды толық өтеуіне байланысты қылмыстық істі тоқтату туралы өтінішхат түсті.

Зеренді аудандық сотында  отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттерге қатысты  5 әкімшілік іс медиация тәртібімен қаралды, сонымен қатар, келтірілген шығын сомасын өндіріп алу туралы азаматтық іс медиация тәртібінде қаралды.

Аршалы аудандық сотында отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттерге қатысты  2 әкімшілік іс, Ерейментау аудандық сотында 4 әкімшілік іс, Егіндікөл аудандық сотында  3 әкімшілік іс, Жақсы  аудандық сотында 3 әкімшілік іс медиация тәртібімен қаралды.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі