Ақмола облысының соттарында істер татуласу рәсімдерін қолданумен қаралуда

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысының аудандық және оларға теңестірілген соттарында азаматтық, қылмыстық  және әкімшілік істер бітімгершілік келісім жасау, медиацияны қолдану және партисипативтік рәсім тәртібімен каралды.

Мысалы, Ерейментау аудандық сотында отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттерге қатысты  әкімшілік іс медиация тәртібімен қаралды.

Степногорск аудандық сотында ақшалай қаражатты өндіріп алу туралы азаматтық іс медиация тәртібінде қаралды. Сонымен қатар, отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттерге қатысты  3 әкімшілік іс медиация тәртібімен қаралды.

Егіндікөл аудандық сотында отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттерге қатысты  2 әкімшілік іс медиация тәртібімен қаралды. Осы сотта 2017 жылдың басынан 89 әкімшілік іс қаралды, оның ішінде 8 ескерту, 11 әкімшілік айыппұл, 43 қамаққа алу және 27 азамат көлік құралын басқару құқығынан айырылды, 21 іс өндіріспен тоқтатылып, оның ішінде бір іс медиация тәртібінде қаралды.

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында баланың тұрғылықты жерін анықтау туралы азаматтық іс медиацияны бекітумен қаралды.

Бурабай аудандық сотында 2017 жылдың басынан 85 азаматтық, 24 қылмыстық және 14 әкімшілік іс медиация тәртібімен қаралды.

Зеренді аудандық сотында қаражат сомасын өндіріп алу туралы азаматтық іс медиацияны бекітумен қаралды. Осы сотта медиация тәртібімен денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру туралы әкімшілік іс қаралды. Сонымен қатар, 2017 жылдың басынан 504 азаматтық іс қаралды, оның ішінде татуласу келісімін бекітумен 14 іс және медиация тәртібімен 10 іс қаралды. Қылмыстық іс бойынша 399 іс қаралды, оның ішінде 10 іс медиация тәртібінде.

 

 

 

 

 

 

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі