Ақмола облысының соттарында медиация институты белсенді қолдануда

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысының аудандық және оларға теңестірілген соттарында азаматтық және қылмыстық істерді қарауда медиация институты белсенді қолданып келеді.

Мысалы, өткен апта ішінде медативтік келісімдердің жасалуымен Аршалы аудандық сотында берешекті өндіріп алу туралы азаматтық іс, Жақсы және Сандықтау аудандық соттарында некені бұзу туралы азаматтық істер, Қорғалжын аудандық сотында кәмелетке толмаған балалардың тұру мекен жайын анықтау туралы азаматтық іс, Егіндыкөл аудандық сотында алимент өндіріп алу туралы азаматтық іс пен Атбасар аудандық сотында жеке айыптау шағымы бойынша қылмыстық іс қаралды.

Қаралған істер бойынша медиативтік келісімдер кәсіби медиаторлардың қатысуымен жасалды.

 

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі