Ақмола облысының судьялары қашықтықтан оқыту тәртібімен өткізілген дәріс сабағына қатысты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысы соттарының азаматтық істерді қарайтын судьялары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотымен қашықтықтан оқыту тәртібінде ұйымдастырылған дәріс сабағына қатысты.

Дәріс сабағын  «Азаматтық процестік кодексін қолдану тәжірибесі»  тақырыбында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының судьясы  Ұ.Сүлейменова онлайн режимде өткізді.

Бейне дәрісте Жоғарғы Соттың судьясы Ұ.Сүлейменова, Республиканың барлық аймақтарында меморандумдарға қол қойылып, барлық қалаларда Достық үйлерінде медиация кабинеттері ашылуда - деп атап өтті. Сонымен қатар, татуластыру рәсімдер тәртібінде қаралған істерге талдау жасады.

Жоғарғы Соттың судьясы оңайлатылған мүмкіндіктер, бұйрық арқылы іс жүргізу және оңайлатылған сот ісін жүргізудегі істерін қарау сұрақтарын түсіндіріп, кәмелетке толмағандарға қатысты істерді соттылығына қатысты сұрақтарды талқылап, талап арызды ұсынуды, шығынды өтеу және басқа да тақырыптарда сөз сөйледі.

Дәріс сабағын қорыта келе судьялар пікір алмасты.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі
Тегтер: