Ақмола облысының судьялары мен сот қызметкерлері қан тапсыру бойынша қайырымдылық іс-шарасына қатысты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысының судьялары мен сот қызметкерлері дүние жүзілік қан доноры күні қарсаңында  қан тапсыру бойынша қайырымдылық іс-шарасына қатысты.

Қайырымдылық акциясын «ҚР судьялар Одағы» РҚБ-нің Ақмола филиалы және облыстық қан Орталығы бірлесіп ұйымдастырды.

Облыстың сот жүйесінен 17 донор қан тапсырды, оның 8 тұрақты донор, 9 алғаш рет тапсырушылар.

«Өз еркімен донор болу - адамдардың өмірін құтқаруда пайдасын тигізгені үшін мақтаныш және қуаныш сезімдерін ұялатады» - дейді судьялар мен мамандар.

Облыстық қан Орталығының қызметкерлері облыстық соттың басшылығына акцияны өткізуге жәрдем көрсеткендері және барша донорларға ерікті донорлыққа қолдау көрсеткендері үшін алғыс білдірді.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі