«Ардагерлер Ұйымы» Республикалық Қоғамдық Бірлестігінен Сот саласының ардагері Мейрам Ғибәділовке марапат

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Құрылғанына 30 жыл толуына байланысты, «Ардагерлер Ұйымы» Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің Орталық Кеңесі, 12 мамыр 2017 жылғы қаулысымен, Ақмола облыстық ардагер ұйымының жұмысына белсенді қатысқаны үшін, Ақмола облысының ардагер-судьялар кеңесінің төрағасы Мейрам Ғибәділовты«Ардагерлер ұйымы Республикалық қоғамдық бірлестігіне 30 жыл» атты мерейтой медалімен марапаттады. Осы медальді Ақмола облысының Әкімі Мәлік Мұрзалин 2017 жылғы 17 мамырда Көкшетау мәдениет сарайында өткен ардагерлердің салтанатты жиылысында М.Ғибәділовке тапсырды. 

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі