Аршалы аудандық соты Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін 13 Өзбекстан Республикасының азаматтарына жаза тағайындады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2017 жылдың 5 айы ішінде Аршалы аудандық сотында Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін Өзбекстан Республикасының 13 азаматына  қатысты әкімшілік істер қаралды.

Сот қаулыларымен 13 шетел азаматы Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517-бабының 5- бөлігімен («Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы») құқық бұзушылық жасағандары үшін кінәлі деп танылып, әр қайсысына әкімшілік қамаққа алу түрінде жазалар тағайындалды.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі