Аршалы аудандық сотында медиацияны енгізу туралы пилоттық жобаны талқылау бойынша «дөңгелек үстел» өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Аршалы аудандық сотында ішкі саясат басқармасының өкілдері мен ауылдық округтер әкімдерінің қатысуымен «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобасын іске асыру» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

Аудандық соттың төрағасы Бахытжан Нұрмағамбетов «дөңгелек үстелде» медиацияны өткізуге міндетті даулардың санаттары бойынша түсіндіріп, медиация еріктілік, тараптардың тең құқылығы, медиатордың тәуелсіздігі мен бейтараптығы, татуластыру рәсімдерін іске асыру, құпиялылық, заң талаптарына сәйкес өткізілуі керек деп атап өтті.

«Дөңгелек үстелге» қатысушылар азаматтарды кәсіби емес медиаторлар ретінде тағайындау мәселелерін талқылады.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі