Атбасар аудандық соты Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін 27 шетел азаматтарына жаза тағайындады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХатпен жіберуХатпен жіберуPDFPDF

2017 жылдың 7 айында Атбасар аудандық сотында Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін Өзбекстан Республикасының 27 азаматына  қатысты әкімшілік істер қаралды.

Сот қаулыларымен 27 Өзбекстан Республикасының азаматы Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 517-бабы бойынша («Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы») құқық бұзушылық жасағандары үшін кінәлі деп танылып, 8 құқық бұзушыға әкімшілік қамаққа  алу, 19 құқық бұзушыға айыппұл түрінде әкімшілік жазалар тағайындалды.

 

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі
Пікірлер мен ұсыныстар