Атбасар аудандық сотында «Азаматтық сот ісін жүргізуде татуластыру рәсімдері» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атбасар аудандық сотында мемлекеттік кіріс басқармасының өкілдері, «Қазақтелеком» АҚ-ы, «Атбасар су» ШЖҚ МКК-нің және Атбасар ауданы әкімдігінің өкілдерінің қатысуымен «Азаматтық сот ісін жүргізуде татуластыру рәсімдері» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

«Дөңгелек үстелде» судья А.Жапарова медиация институтын барлық саласында туындаған даулар мен жанжалдарды шешуде қолдануын атап өтіп, «дөңгелек үстел» қатысушыларын өздерінің саласында туындаған даулы жағдайларды белсенді шешуге шақырды.

«Дөңгелек үстел» жұмысының соңында қатысушылар татуластыру рәсімін қолдану үшін жұмысын арттыру қажеттігін атап өтті.

 

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі