Атбасар аудандық сотында заңсыз жұмыстан шығарылған қызметкер жұмыс орнына қайта орналастырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысы Атбасар аудандық сотына азамат Б. кәсіпорын басшысының еңбек шартын тоқтату туралы бұйрығын заңсыз деп тану, жұмысқа қайта орналастыру және амалсыз бос жүрген уақыты үшін еңбекақыны өндіріп алу туралы талап арызымен жүгінді.

Сот анықтағандай, «Атбасар су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында суқұбырдың басшысы қызметін атқарып, жұмыскерлердің штаты қысқартылуына байланысты кәсіпорын басшысының бұйрығымен жұмыс орнынан қысқартылып, онымен еңбек шарты бұзылған. Алайда, жұмыс беруші азамат Б-ға алдағы уақытта жұмыскерлер штаты қысқартылатыны туралы жазбаша хабарламаған. Азамат Б. басшысының шешімімен келіспей, сотқа жүгінген.

Сот шешімімен талап арыз қанағаттандырылды. «Атбасар су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын басшысының еңбек шартын тоқтату туралы бұйрығы заңсыз деп танылып, азамат Б. жұмысқа қайта орналастырылды. Азамат Б-нің пайдасына мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыннан амалсыз бос жүрген уақыты үшін еңбекақы өндіріп алынды.

 

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі