Аудандық сот ашық есік күні студенттерді қабылдады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қаңтар айының соңғы аптасында Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты «Ашық есік күнін» өткізді.

Күннің суықтығына қарамастан сот ғимаратына А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің 1-2 курс студенттері  келді.

Сот ғимараты бойынша экскурсия барысында болашақ заңгерлер сот кеңсесі мамандарының, сот отырысы хатшыларының, сот приставтарының, ақпараттық-анықтамалық киоскінің жұмысымен танысып, алқа билерінің көмегімен қаралатын істерге арналған сот отырысы залдарын тамашалады.

  «ЕАИАС СО РК»  электронды бағдарламасы мен аталмыш бағдарламаға ұсынылатын талаптар туралы ақпаратқа қанықты.

Сот төрағасы Баймағанбетов Сергек ашық есік күніне келушілерге  мамандандырылған ауданаралық сотының құрылу тарихы туралы ақпарат беріп, осы жылдары аталмыш сот судьялары қараған қоғам қызығушылығын танытқан істер бойынша мысалдар келтірді.

Сондай-ақ, болашақ заңгерлер ел президентінің еліміздегі судьялар корпусының басты форумы ҚР Судьяларының VI съезіне қатысып, сот жүйесінің алдына тапсырмалар мен міндеттер қойғаны туралы ақпарат тыңдады.

Кездесу соңында сот төрағасы қатысушылардың барлық көкейлеріндегі сұрақтарына жауап беріп, оларға Қазақстан ең дамыған 30 елдің қатарынан көріну үшін әр баланың жақсы білім алып, талпынып, алдына мақсат қоя білуі қажеттігін, сонда ғана біз Елбасы қойған межеге жете алатынымыз туралы айтып, олардың болашақтарына сәттілік тіледі.

Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты