Азаматтық сот ісін жүргізуде тараптардың татуласуы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сот тараптардың татуласуы үшін шаралар қолданады, дауды процестің барлық сатыларында реттеуде оларға жәрдемдеседі.

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 174-бабына сәйкес тараптар татуласу келісімін, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді немесе дауды партисипативтік рәсімдер тәртібімен реттеу туралы келісімді жасап не Азаматтық процестік кодексте белгіленген тәртіппен өзге де тәсілдерді пайдалана отырып, дауды өзара талаптардың толық көлемінде не бір бөлігінде реттей алады.

Татуласу рәсімдерін қолдана отырып дауды реттеу туралы өтінішхат, егер Азаматтық процестік кодексте немесе заңда өзгеше көзделмесе,  жария-құқықтық қатынастардан туындайтын істерден басқа, талап қою ісін жүргізудің кез келген ісі бойынша берілуі мүмкін.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі