Балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін сот ер адамға әкімшілік айыппұл түрінде жаза тағайындады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысы  Есіл аудандық  соты азамат М-ға қатысты әкімшілік іс қарады.     

Сот анықтағандай, азамат М. кәмелетке толмаған үш баланың әкесі бола тұра, ата-ананың тәрбиелеу және оқыту жөніндегі өзінің міндеттерін орындамай, алкогольдік ішімдікті қолданады, ресми түрде жұмыс істемейді. Балаларының үйде тұруына ешқандай жағдай жасалмаған, зайыбы жұмыс істемейді, ата-аналарымен бірге тұруда, алайда олар спирттік ішімдікті қолданады.

Сот қаулысымен азамат М. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 127-бабының 1-бөлігімен («Ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердің балаларды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттерді орындамауы») көрсетілген құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 10393 теңге әкімшілік айыппұл салу түрінде жаза тағайындалды. Сонымен қатар, азамат М-ға алкогольдік ішімдікті 6 ай мерзімге қолдануға тыйым салынды және оған Есіл аудандық ішкі істер бөлімінде бір айда бір рет профилактикалық әңгімелесуден өту міндеті жүктелді.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі