Баланы күтіп-бағуға қосымша шығыстарды өндіріп алу туралы азаматтық іс сот медиацияны қолданумен қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 174-бабына сәйкес, сот тараптардың татуласуы үшін шаралар қолданады, дауды процестің барлық сатыларында реттеуде оларға жәрдемдеседі. ҚР Азаматтық процестік кодексінің 179 және 180-баптарына сәйкес, тараптар сот кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін бірінші, апелляциялық, кассациялық сатылардағы соттарда дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы өтінішхат беруге құқылы. Бірінші сатыдағы сотта медиацияны өткізу үшін іс басқа судьяға беріледі. Тараптардың өтінішхаты бойынша медиацияны іс жүргізуінде іс жатқан судья өткізуі мүмкін. Іс жүргізуінде іс жатқан судья дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімнің мазмұнын тексереді және оны бекіту және іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы ұйғарым шығарады.

Ақмола облысы Бұланды аудандық сотына баланы күтіп-бағуға қосымша шығыстарды өндіріп алу туралы азаматша Ч. өзінің бұрыңғы жұбайына талап арызымен жүгінді. 

Сотта, тараптар сот медиацияны келесі шарттар бойынша жасады: жауапкер өз қызының колледждің бітіргеніне дейін күтіп-бағуға ай сайын қаражатты төлейді.

Сот ұғарымымен сот медиациясы бекітіліп, азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі