Бұланды аудандық соты 2016 жылдың ішінде 106 құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік істер қарады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 434-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиiсу, тұрғын үй-жайларды қорлау, ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлердi ластау, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау және айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер ұсақ бұзақылық болып танылады. Көрсетілген әрекеттерді жасау он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не он тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алуға әкеп соғады.

Мысалы, Бұланды аудандық соты 2016 жылдың ішінде 106 құқық бұзушыларға қатысты осы санатындағы әкімшілік істер қарап, келесі әкімшілік жазалар тағайындалды, 38 құқық бұзушыларға айыппұл және 68 құқық бұзушыларға әкiмшiлiк қамаққа алу жазасы тағайындалды.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі