Бұланды аудандық сотымен заңдық маңызы бар фактілерді анықтау туралы 6 арыз қаралып, қойылған талаптар қанағаттандырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 305-бабының 1-бөлігіне сәйкес, сот азаматтардың немесе заңды тұлғалардың жеке не мүліктік құқықтарының туындауына, өзгеруіне немесе тоқтатылуына байланысты болатын фактілерді анықтайды. Аталған баптың 3-бөлігіне сәйкес, егер басқа заңдық маңызы бар фактілерді анықтаудың Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше тәртібі көзделмесе, оларды сот анықтайды.

Сот арыз берушінің заңдық маңызы бар фактілерді куәландыратын тиісті құжаттарды өзге тәртіппен алуы мүмкін болмаған кезде не жоғалған құжаттарды қалпына келтіруі мүмкін болмаған кезде ғана осы фактілерді анықтайды.

Бұланды аудандық сотымен 2017 жылдың 6 айында заңдық маңызы бар фактілерді анықтау туралы 6 арыз қаралып, қойылған талаптарды қанағаттандыру туралы шешім шығарылды.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі