Бұланды аудандық сотында 42 азаматтық іс бұйрық арқылы іс жүргізу тәртібінде қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Азаматтық процестік кодексінің 134-бабына сәйкес, сот бұйрығы сот актісі болып табылады, оны өндіріп алушының ақшаны өндіріп алу немесе борышкерді және өндіріп алушыны олардың түсіндірмелерін тыңдау үшін шақырмай-ақ және сот талқылауынсыз, даусыз талаптар бойынша борышкерден жылжымалы мүлікті талап ету туралы арызы бойынша судья шығарады. Сот бұйрығының атқарушылық құжат күші болады. Сот бұйрығы бойынша өндіріп алу сот шешімдерін орындау үшін белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

Мәлімделген даусыз талаптың мәні бойынша сот бұйрығын судья арыздың сотқа келіп түскен күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде шығарады.

Сот бұйрығы шығарылғаннан кейін, келесі күннен кешіктірілмей борышкерге тапсырылуға немесе жіберілуге тиіс.

Борышкер мәлімделген талапқа қарсылығын сот бұйрығын шығарған сотқа сот бұйрығының көшірмелерін алған күннен бастап немесе оның шығарылғаны туралы оған белгілі болған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жіберуге құқылы.

Егер борышкерден белгіленген мерзімде мәлімделген талапқа қарсылық келіп түссе не, егер сот бұйрығында құқықтары мен міндеттері қозғалған басқа да адамнан шығарылған сот бұйрығының заң талаптарына сәйкес еместігі туралы арыз келіп түссе, судья сот бұйрығының күшін жояды.

2017 жылдың өткен мерзімінде Бұланды аудандық сотымен бұйрық арқылы іс жүргізу тәртібімен 42 азаматтық іс қаралған, оның ішінде 38 іс кәмелет жасқа толмаған балаларға алимент өндіру туралы.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі