Бұланды аудандық сотында азаматтық іс партисипативтік рәсім тәртібімен тоқтатылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 174-бабына сәйкес, сот тараптардың татуласуы үшін шаралар қолданады, дауды процестің барлық сатыларында реттеуде оларға жәрдемдеседі. Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 181 және 182-баптарына сәйкес, тараптар АПК көзделген қағидалар бойынша сот кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы өтінішхатты мәлімдеуге құқылы. Партисипативтік рәсім екі тараптың да адвокаттарының дауды реттеуге жәрдемдесуімен тараптар арасында келіссөздер жүргізу арқылы судьяның қатысуынсыз өткізіледі. Іс жүргізуінде іс жатқан судья дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімнің мазмұнын тексереді және оны бекіту және іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы ұйғарым шығарады. Егер тараптар партисипативтік рәсім тәртібімен келісімге қол жеткізбесе немесе сот келісім шартын бекітпесе, істі талқылау жалпы тәртіппен жүргізіледі.

Бұланды аудандық сотында мұрагерлік мүлікті бөлу туралы азаматтық іс партисипативтік рәсім қолданумен қаралды.

Сотта тараптар дауды партисипативтік рәсім тәртібінде реттеу туралы өтінішхат берді, соның негізінде, іс бойынша өндіріс тоқтатылды.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі