Бұланды аудандық сотында көші-қон саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін 12 шетел азаматына қатысты әкімшілік істер қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2017 жылдың өткен мерзімінде Бұланды аудандық сотында көші-қон саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін 12 шетел азаматына қатысты әкімшілік істер қаралды.

Сот қаулыларымен 12 азамат Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 517-бабымен («Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы») көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағандары үшін кінәлі деп танылып, 6 азаматты әкімшілік қамаққа алу, 3 азаматқа айыппұл және 3 азаматты Қазақстан Республикасының шегiнен әкімшілік жолмен шығарып жiберу түрінде әкімшілік жазалар тағайындалды.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі