Бұланды аудандық сотында отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттерді жасаған азаматтарға қатысты 6 әкімшілік іс қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

«Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабына сәйкес, отбасы-тұрмыстық қатынастар бұл - ерлі-зайыптылар, бұрынғы ерлі-зайыптылар, бірге тұратын немесе бірге тұрған адамдар, жақын туыстар, ортақ баласы (балалары) бар адамдар арасындағы қатынастар. Тұрмыстық зорлық-зомбылық - отбасы-тұрмыстық қатынастар аясында бір адамның басқаға (басқаларға) қатысты дене зардабын және (немесе) психикалық зардап келтіретін немесе келтіру қаупі бар құқыққа қарсы қасақана әрекеті (іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі).

2017 жылдың басынан Бұланды аудандық сотының қаулыларымен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 73-бабы бойынша («Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер») 6 азаматқа әкімшілік жазалар тағайындалған, оның ішінде 1 азаматқа ескерту түрінде, ал 5 азаматқа әкімшілік қамаққа алу түрінде жаза тағайындалды .

 

Қайнар: 
пресс-служба Акмолинского областного суда