Бұланды аудандық сотында сотқа құрметтемеушілік көрсеткені үшін әкімшілік іс қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бұланды аудандық сотында сотқа құрметтемеушілік көрсеткені үшін азамат Б-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

 Сот анықтағандай, азамат Б., азаматтық іс бойынша жауапкер бола тұра, сот отырысына дәлелсіз себептермен келген жоқ. Осы әрекетімен, сотқа құрметтемеушілік көрсеткен және оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.

Сот қаулысымен азамат Б. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 653-бабының 1-бөлігімен («Сотты құрметтемеушілік») құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған ескерту түрінде әкімшілік жаза тағайындалды.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі