Бұланды аудандық сотында судьялар мен сот қызметкерлеріне арналған семинар сабақтар өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бұланды аудандық соты төрағасының міндетін атқарушы Б.Ахметжанов және кеңсе меңгерушісі Ә.Оразов судьялар мен сот қызметкерлерінің қатысуымен «Қазақ тілі – ана тіліміз», «Төрелік» АЖ іс жүргізу мен сот ісін жүргізу» тақырыптарында семинарлық сабақтар өткізді.

Семинарда Б.Ахметжанов мемлекеттік тілдің мәртебесін, бүгінгі күні қолдану жағдайы, сонымен қатар, сот жүйесінде мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мен оны қолдану туралы түсіндірді.

Кеңсе меңгерушісі Ә.Оразов Қазақстан Республикасы сот органдары қызметкерлерінің (кеңсе қызметкерлерінің, мамандардың, сот отырыстары хатшыларының, судьялардың) соттарда іс жүргізумен және сот ісін жүргізуімен байланысты өздерінің функционалдық міндеттерін орындау кезінде «Төрелік» АЖ-мен жұмыс технологиясы туралы түсіндірді.

Семинарларда іс жүргізуді жүргізу мен ақпараттық технологияларды қолдану мәселелері бойынша баяндамалар талқыланды.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі