Бұланды аудандық сотында ҮЕҰ- ы өкілдерінің қатысуымен «дөңгелек үстел» өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысы Бұланды аудандық сотында  «Сотта жаңа ақпараттық технологиялар» тақырыбына үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік органдары өкілдерінің қатысуымен «дөңгелек үстел» өтті.

Іс шараға аудандық прокуратура, АІІБ өкілдері, адвокаттар, «Надежда» тутынушылар құқықтарын қорғау қоғамы және «Бұланды-Жастары» қоғамдық бірлестігі өкілдері, аудандық сотының судьялары қатысты.

Сот төрағасы Р. Шакуанов өз сөзінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Озық сот тәжірибесі – қағаз құжат айналымынан бас тартып, электрондық технологияларға көшу, олар осы замандағы сот процесінің негізгі болу керек» деп атап өтті.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі