Бурабай аудандық сотында көлік құралын алкогольдік, есірткілік және уытқұмарлық масаң күйде басқарғаны үшін құқық бұзушыларға қатысты 277 әкімшілік іс қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бурабай аудандық сотында 2017 жылдың басынан көлік құралын алкогольдік, есірткілік және уытқұмарлық масаң күйде басқарғаны үшін құқық бұзушыларға қатысты 277 Әкімшілік іс қаралды.

Сот анықтағандай, 227 көлік жүргізуші Қазақстан Республикасының Жол жүрісі қағидаларының 2-бөлімі 4-тармағының 2-тармақшасын бұзып,яғни   алкогольдік, есірткілік және уытқұмарлық масаң күйінде көлік құралдарын жүргізген. Осы іс-әрекеттерімен көлік жүргізушілер жол қозғалысына қауіп төндірген.

Сот қаулыларымен 277 көлік жүргізуші Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 608-бабында («Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және уытқұмарлық масаң күйде басқаруы») көрсетілген құқық бұзушылық жасағандары үшін кінәлі деп танылып, 245 жүргізуші 3 және 6 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылған, 29 жүргізуші әкімшілік қамаққа алынды, 3 жүргізушіге әкімшілік айыппұл  тағайындалды.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі