Бурабай аудандық сотында қылмыстық материалдарды дайындау және сотқа жолдау сұрақтарын талқылау бойынша «дөңгелек үстел» өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бурабай аудандық сотында қылмыстық материалдарды дайындау және сотқа жолдау сұрақтарын талқылау бойынша «дөңгелек үстел» өтті.

Іс-шараға сот төрағасы, судьялар, сот қызметкерлері, Бурабай ауданының әкімшілігі, пробация қызметі,  ІІБ-нің өкілдері қатысты.

«Дөңгелек үстел» жұмысына қатысушылар сотталушыларға қатысты қылмыстық материалдарды дайындау сапасы және сотқа жолдау сұрақтарын талқылады.

Аудандық сот судьясы А.Байкенова өз баяндамасында, қылмыстық материалдарды сотқа жолдау үшін дайындау барысында сотталушыларға қатысты толық ақпарат ұсыну қажеттігін, сондай-ақ, сотталғандарға қамаудан шыққаннан кейін қоғамда өз орнын табуға көмек көрсету қажеттігін атап өтті.

Іс-шара соңында  сот төрағасы А.Балабеков барлық қатысушыларды бірігіп жұмыс атқаруға шақырды.

 

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі