Бурабайда мас болып трактор көлігін айдаған азамат жазаланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бурабай ауданының мамандандырылған әкімшілік соты ҚР аумағында жол жүру Ережесін бұзып, «МТЗ 80» көлік құралын мас күйінде жүргізген құқықбұзушы П.,-ға қатысты келіп түскен әкімшілік істі қарады.
Сот отырысында П., өзінің кінәсін толық мойындап, толтырылған әкімшілік хаттамамен келісетінін айтты. Құқықбұзушы 10 жыл мерзімге берілетін трактор жүргізушісі куәлігін 1987-жылы алған,  бірақ өкінішке орай оны жоғалтып алған екен.
Бурабай ауданының мамандандырылған әкімшілік соты П.,-ны Қазақстан Республикасы әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің  467-бабы 8-бөлігінде көзделген құқықбұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танып 10 тәулікке әкімшілік қамау жазасын тағайындады. 

Ақмола облыстық сотының
баспасөз қызметі