Целиноград аудандық соты жол-көлік оқиғасы салдарынан келтірілген материалдық шығынды өндіріп алу туралы азаматтық іс қарады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Целиноград аудандық соты азамат К-дан жол-көлік оқиғасы салдарынан келтірілген шығынды өндіріп алу туралы азаматша Ж-нің талап арызы бойынша азаматтық іс қарады.

Сот анықтағандай, азамат К. автокөлікті жүргізу кезінде қарсы бағыттағы жүріп келе жатқан автокөлікпен соқтығысқан. Нәтижесінде азаматша Ж. дене жарақатын алып, көрсетілген медициналық қызметтің және айырылған бір айлық еңбек ақысын азамат К-дан өндіріп алуын сұрады.

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 917-бабының 1- бөлігіне сәйкес азаматтар мен заңды мүліктік емес ігіліктері мен құқықтары заңсыз іс-әрекеттермен (әрекетсіздікпен) келтірілген зияны, оны келтірген тұлға толық көлемінде өтеуге тиіс. 

Сот шешімімен азаматша Ж-нің талап арызы қанағаттандырылды.

Қайнар: 
Ақмола облысытық сотының баспасөз қызметі