Целиноград аудандық сотының төрағасы ауылдық және селолық әкімдерімен «Медиация туралы» ҚР Заңын түсіндіру жөнінде кездесу өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Целиноград аудандық сотының төрағасы Целиноград ауданының кәсіби медиаторлармен бірлесе отырып, аудан әкімшілігінің ғимаратында Целиноград ауданының ауылдық және селолық әкімдермен «Медиация туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын түсіндіру бойынша кездесу өткізді.

Кездесуде кәсіби медиаторлар  медиацияның мақсаттары түсіндірді, бұл - дауды (дау-шарды) шешудің медиацияның екі тарапын да қанағаттандыратын нұсқасына қол жеткізу; тараптардың дауласушылық деңгейін төмендету. Сонымен қатар, медиацияның қағидаттары, бұл - еріктілік; медиация тараптарының тең құқылығы; медиатордың тәуелсіздігі мен бейтараптылығы; медиация рәсіміне араласуға жол бермеушілік; құпиялық екендігі түсіндірілді.

Сот төрағасы барлық туындайтын даулар мен жанжалдар бойынша медиация институтын кеңінен қолдану қажет екенін атап өтті.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі