Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХатпен жіберуХатпен жіберуPDFPDF

2017 жылғы 26 қаңтарында ҚР Жоғарғы Соты Төрағасының өкімімен Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы Ережесі бекітілген еді.

Пилоттық жоба кәмелетке толмагандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соотарында, азаматтық істерді қарайтын аудандық және оларға теңесітірілген соттардында, мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттарында 2017 жылдың шілде айы бойынша іске асырылатын болатын.

Кәзіргі уақытта көрсетілген өкімге өзгерістер мен толықтырулар енгізілген. Пилоттық жобаны іске асыру мерзімі 2017 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартылды.

Пилоттық жобаның мақсаты - даулардың (жанжалдардың) жекелеген санаттарын медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді азаматтық сот ісін жүргізуге енгізу болып табылады.

Жобаның міндеттері: татуластыру рәсімдерін қолдану аясын кеңейту; азаматтардың сот шығындырын барынша азайту; халықтың соттан тыс дауды (жанжалды) реттеу мүдделігін анықтау болып табылады.

Медиация жүргізу болып табылатын даулардың (жанжалдың) санаттары кеңейтілген, олар: баланың мүдделеріне орай (баланың тұрғылықты жерін анықтау туралы, ата-ананың баламен араласу тәртібін анықтау туралы, баланы басқа адамдардан тартып алу туралы, білім алушылардың білім жүйесінде жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, жоғары білім беру жүйесінің күндізгі оқу нысаны бойынша 21 жасқа дейінгі кәмелетке толған балаларды асырауға алимент өндіріп алу туралы); Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 159 бабының 1-тармағымен міндетті түрде сотқа дейінгі келісім комиссиясына жүгіну тәртібі көзделмеген еңбек даулары; мұрагерлік; көршілердің арасындағы жер учаскесінің шекараларын анықтау, пәтерлерді су басқындығы туралы; пәтерден шығу туралы, кондоминиумды басқару мәселелері бойынша; некені бұзу және мүлікті бөлу туралы; қарыз келісімшарттары бойынша; сақтандыру; мүлікке меншік құқығы туралы; тауар жеткізілімінің, жалдау, сатып алу-сату, тасымалдау шарттары бойынша; тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы; корпоративтік даулар бойынша; медициналық қызмет көрсетуіне байланысты.

Медиацияны тараптардың келісімі бойынша сотта судья не татуластыру рәсімдерін жүзеге асыратын медиатор жүргізеді.

Медиацияны жүргізу тәртібі ҚР Азаматтық процестік кодексінің, «Медиация туралы» ҚР Заңының талаптарына сәйкес өткізіледі.

Пилоттық жобаға қатысу бойынша өз ұстанымдарын жазбаша түрде білдіру қажеттілігі және медиатормен медиация жүргізу туралы тараптардың жасалған жазбаша келісім 5 күннің ішінде сотқа ұсынады.

Пилоттық жобаға қатысудан бас тартқан жағдайда тараптардың бұл туралы жазбаша өтініштерін сотқа жолдайды.

Медиатор медиацияны жүргізу туралы өтінішхатты берген және тараптардың медиатормен жасасқан шарты соттарға ұсынылған жағдайда іс бойынша іс жүргізу АПК-нің 272-банының 7) тармақшасына сәйкес 10 жұмыс күнінен аспайтын мерзімге тоқтатыла тұрады.

Тараптар медиацияны судья өткізетіндігі туралы өтінішхатты берген кезде медиация 10 жұмыс күні ішінде жүргізледі.

АПК-нің 277-баының 6) тарамақшасына және 410-бабына сәйкес оның іс жүргізуіндегі іс бойынша судья дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекіту туралы және іс бойынша іс жүргізуді тоқтатады.

Судья дауды (жанжалды) медиайция тәртібімен реттеу және іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы келісімді бекіту туралы ұйғарымда сот АПК-нің 278-бабының 3-бөлігіне сәйкес мемлекеттік бажды қайтару туралы көрсетеді.

Егер тараптар медиация жүргізген кезде келісімге қол жеткізбесе, іс бойынша іс жүргізу қайта басталып, істі сот талқылауына дайындау жалпы тәптіппен жүргізіледі. Бұл туралы іс бойынша іс жүргізуді қайта бастау туралы соттың ұйғарымында көрсетіледі.

 

Ертаева Роза

Ақмола облыстық сотының судьясы

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі
Пікірлер мен ұсыныстар