Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiргені үшін қылмыстық жауаптылық

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шортанды аудандық соты денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiргені үшін айыптау бойынша азамат С-ға қатысты қылмыстық іс қарады.

Сот анықтағандай, азамат С. масаң күйде, жеке бас араздығының салдарынан, азамат Ж-ның дене мүшелеріне пышақпен бірнеше соққы жасап, жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтірген.

Сотқа дейінгі істі қарау кезеңінде прокурор мен сотталушының арасында кінәсін мойындау туралы процестік келісім жасалынды.

Сот үкімімен азамат С. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 106-бабының 1-бөлігімен (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру) қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған жергілікті атқарушы органдарымен белгіленген орында 120 сағатқа мәжбүрлі еңбекке тартылып, пробациялық бақылау орнатумен 5 (бес) жыл мерзімге  бас бостандығын шектеу түрінде жаза тағайындалды.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі