Дөңгелек үстел тақырыбы – әкімшілік құқықбұзушылық туралы істердің қысқартылу себептері

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Көкшетау қаласының мамандандырылыған әкімшілік соты өткен аптада «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамалар мен материалдардың хаттама құрастырған органға (лауазымды тұлғаға) кері қайтарылу және қысқартылу себептері» тақырыбына дөңгелек үстел өткізді.

2013 жылдың статистикалық деректері себеп болған арнайы шараға Көкшетау қалалық прокуратурасы, табиғатты қорғау прокуратурасынан және әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтыратын тиісті уәкілетті органдардың өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстелде аталмыш соттың судьялары Н.В.Костырев, А.Н.Ан баяндамалар оқыды. Судьялар өздерінің баяндамаларында әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтыру барысында тиісті орган қызметкерінің көп жіберетін қателіктерін мысалға келтіріп,  әдістемелік ұсыныстар айтты.

Дөңгелек үстел соңында мамандандырылған әкімшілік сотының судьялары қатысушылардың барлық сұрақтарына жауап берді.

Мейрам Хасенов Көкшетау қаласы мамандандырылған әкімшілік сотының кеңсе меңгерушісі