Егіндікөл аудандық сотында отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер туралы 3 әкімшілік іс қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Егіндікөл аудандық сотында отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер туралы 3 әкімшілік іс қаралды.

Сотта, 3 азаматқа қатысты әкімшілік істер жәбірленушілердің құқық бұзушылармен татуласуына байланысты медиация тәртібімен тоқтатылды.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 73-бабына сәйкес, құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғынжайда жасалған басқа да әрекеттер, отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер болып табылады.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі