Егіндікөл аудандық сотында ұсақ бұзақылық жасағандары үшін 17 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Егіндікөл аудандық сотында  ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиiсу, тұрғын үй-жайларды қорлау, ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлердi ластау, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау және айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер жасаған азаматтарға қатысты 17 әкімшілік іс қаралды.

Сот анықтағандай, 17 азамат қоғамдық тәртіпке және имандылыққа қол сұғатын әкімшілік құқық бұшылықтар жасау нәтижесінде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 434-бабының талаптарын бұзған.

Сот қаулыларымен 17 азамат Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 434-бабының («Ұсақ бұзақылық») бойынша құқық бұзушылық жасағандары үшін кінәлі деп танылып, 14 азаматқа әкімшілік қамаққа алу және 3 азаматқа айыппұл түрінде жаза тағайындалды.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі