Екі мәрте заң бұзған шетел азаматы елден қуылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысының Бұланды аудандық соты Бұланды аудандық ішкі істер бөлімінің А., есімді шетел азаматын Қазақстан Республикасынан тысқары аумаққа шығарып жіберу туралы арызы бойынша азаматтық ісін қарады.

Іс мән-жайлары бойынша, Өбекстан Республикасының азаматы  Қазақстан Республикасында жүрген уақыты ішінде екі рет қылмыс жасап 2008 және 2010 жылдары Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының үкімдерімен бас бостандығынан айыруға сотталған.  Соңғы жазасын өтеуден Алматы облысы Қапшағай қалалық сотының 2012 жылғы 15 ақпандағы қаулысы негізінде рақымшылық заңына сәйкес жазадан босатылған.

Шетелдік бола тұра Қазақстан Республикасының заңнамасын екі мәрте бұзған азаматты арнайы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының «Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы» заңына сәйкес Қазақстан Республикасынан тысқары аумаққа шығарып жіберу туралы сұраған.

Шетел азаматы өзіне қойылған талапты толығымен мойындап, Өзбекстан Республикасына барып, құжаттарын қалыпқа келтіру үшін қаражатының жоқ екендігін, қазіргі таңда әйелі екеуі тұрғын үйін сатуға қойғанын, сондықтан Қазақстан Республикасының шегінен шығаруды кешіктіре тұруды өтінді.

Қазақстан Республикасының «Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы» заңының 28-бабына сәйкес шетелдік Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған жағдайда ол Қазақстан Республикасының шегінен қуылады.

Шетелдік бола тұра Қазақстан Республикасының аумағында екі мәрте қылмыс жасап, Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған азамат А.,-ны  Бұланды аудандық соты Қазақстан Республикасынан тысқары аумаққа шығарып жіберу туралы аудандық ішкі істер бөлімінің арызын қанағаттандырды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі