Еңбек шарты тараптардың еркінен тыс мән-жайлар бойынша тоқтату негіздері

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне сәйкес еңбек шарты тараптардың еркінен тыс мына мән-жайлар бойынша:  жергілікті атқарушы органдар шетелдік жұмыскерге жұмысқа орналасуға не шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттарды кері қайтарып алған не тұруға ықтиярхаттың қолданылу мерзімі өткен кезде; жұмыскер не жұмыс беруші - жеке тұлға еңбек қатынастарын жалғастыру мүмкіндігін болғызбайтын жазаға сотталған сот үкімі заңды күшіне енген кезде; жұмыскер не жұмыс беруші - жеке тұлға қайтыс болған жағдайда, сондай-ақ сот жұмыскерді не жұмыс беруші - жеке тұлғаны қайтыс болды деп жариялаған немесе хабар-ошарсыз кетті деп таныған жағдайда; сот жұмыскерді әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған, соның салдарынан жұмыскердің еңбек қатынастарын жалғастыруға мүмкіндігі болмайтын жағдайда; бұрын осы жұмысты атқарған жұмыскер жұмысына қайта алынған жағдайда; жұмыскер мерзімді әскери қызметке, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарға қызметке шақырылған (кірген) кезде жұмыскер тиісті құжатты үш күн мерзімнен кешіктірмей ұсынған күннен бастап тоқтатылуға тиіс. Сот үкімінің немесе шешімінің заңды күшіне енген күні, жұмыскердің немесе жұмыс беруші жеке тұлғаның қайтыс болған күні еңбек шарты тоқтатылған күн болып табылады.

Қайнар: 
Ақмола облысытық сотының баспасөз қызметі