Еңбекшілдер аудандық сотында 2017 жылдың 9 айының жұмыс қортындысы бойынша брифинг өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Еңбекшілдер аудандық сотында «НұрОтан» партия  филиалының хатшысы Ө.Жомартов және «Еңбекшілдер жаршысы» аудандық газетінің бас редакторы В.Устьянцевтың қатысуымен 2017 жылдың 9 айында сот әділдігін жүзеге асыруда атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша брифинг өтті.

Сот төрағасының міндетін атқарушы Төлебек Жұмақаев 2017 жылдың 9 айында аудандық сотпен атқарылған жұмыстар туралы баяндады,  аталған кезеңде аудандық сотта барлығы 20 қылмыстық іс, 278  азаматтық іс және 216 әкімшілік істер қаралғаны туралы мәлімдеді. Қылмыстық істер бойынша жалпы қаралған істердің басым көпшілігін Қылмыстық Кодексінің 188-бабында көзделген ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру қылмыстары,   ал азаматтық істер бойынша қаралған талап арыздардың басым көпшілігін некені бұзу, заңдық маңызы бар фактіні анықтау, алимент өндіру туралы, сондай-ақ келісім-шарт қатынастарынан туындайтын даулар құрайтынын айтып өтті. Бұдан соң  Төлебек Қайрошұлы  медиация, партисипативтік рәсім тәртібімен қаралған істерге және «Сот кабинеті» электронды сервисі арқылы түскен арыздарға тоқталды. Сондай-ақ, сот жүйесіндегі жаңа жобалар жөнінде, оның ішінде медиацияны қолдану салаларын одан әрі кеңейту мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотымен іске қосылған даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу туралы пилоттық жобаның мақсаты мен міндеттері, тез және сапалы түрде мәліметтер алмасуға мүмкіндік туғызып отырған «Төрелік» ақпараттық жүйесі туралы, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған шаралар жөніндегі ақпараттармен бөлісті. БАҚ өкілдері төрағаға сауалдар қойып, нақты жауаптарын алды.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі