Еңбекшілдер аудандық сотында БАҚ өкілдерімен брифинг өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Еңбекшілдер аудандық сотында БАҚ өкілдерінің қатысуымен 2017 жылдың І жартыжылдығында сот төрелігін іске асырудың қорытындысы бойынша брифинг өтті.

 Брифинг барысында сот төрайымы Гүлмира Анарбекова аудандық сотта есеп кезеңі аралығында 7 қылмыстық, 180 азаматтық  және 133 әкімшілік істер қаралғанын атап өтті. Сот бұйрығын шығарумен 38 азаматтық іс, 2 іс бітімгершілік келісімдер жасаумен, 26 іс медияцияны қолданумен және 1 іс партисипативті тәртіпте қаралды. 6 жекеше қаулылар шығарылды.

Сот төрайымы, Еңбекшілдер аудандық  сотымен, Елбасы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты және облыстық сотының азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға, сот төрелігін іске асыру сапасын жақсартуға және сот билігінің мәртебесін көтеруге бағытталған тапсырмаларды орындау үшін қажетті шаралар қабылданып жатқаны туралы атап өтті.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі