Еңбекшілдер аудандық сотында әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды толтыру және істерді әзірлеу сапасын талқылау бойынша «дөңгелек үстел» өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Еңбекшілдер аудандық  сотында «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды және істерді әзірлеу»  тақырыбында аудан прокурорының орынбасары, аудандық ішкі істер бөлімі, әділет басқармасы, төтенше жағдайлар бөлімі және үкіметтік емес ұйымдары өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел  өтті.

Сот төрайымы Гүлмира Анарбекова  өз баяндамасында әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы жасауға құқылы мемлекеттік мекемелерінің лауазымды адамдарымен әкімшілік хаттама заңнама талаптарына сай жасақталмауы салдарынан, әкімшілік істер негізсіз қозғалған болып есептеліп, іс өндірісімен тоқтатылады- деді.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері тарапынан істерді рәсімдеу барысындағы атқарылатын жұмысты жақсарту бағытында ұсыныстар айтылды.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі