Еңбекшілдер аудандық сотында кәсіби емес медиаторлар және ауылдық округ әкімдерінің қатысуымен «дөңгелек үстел» өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Еңбекшілдер аудандық сотында кәсіби емес медиаторлар және ауылдық округ әкімдерінің қатысуымен «дөңгелек үстел» өтті.

Сот төрайымы Гүлмира Анарбекова «дөңгелек үстелде» сөз сөйлей отырып, «Медиация туралы» Заңның нормаларын түсіндіріп, дауды сотқа дейін шешу мүмкіндігі туралы айтып өтті.

Сот төрайымы жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқықтық қатынастардан туындайтын, сондай-ақ онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстық істер бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу барысында қаралатын даулар бойынша медиацияны қолданудың мүмкіндіктерін атап өтті. «Еңбекшілдер ауданында 17 кәсіби емес медиаторлар жұмыс істейді. Бұл шалғай ауылдардағы дауларды шешуге үлкен көмек көрсетуге мүмкіндік береді» - деді сот төрайымы.

«Дөңгелек үстелге» қатысушылар медиацияны қолданудың өзекті мәселелерін талқылап, өзара пікір алмасты.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі