Еңбекшілдер аудандық сотында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңын талқылау бойынша семинар өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысы Еңбекшілдер аудандық сотында судьялар мен сот қызметкерлерінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының негізгі ережелерін талқылау бойынша семинар өтті.

Сот  төрайымы Гүлмира Анарбекова семинарда сөз сөйлей отырып, 2015-2025 жылдарға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының негізгі бағыттарын айтып өтті. Сот төрайымы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңы Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іске асыруға бағытталған, сыбайлас жемқорлық мемлекеттік басқарудың тиімділігін, елімізге инвестиция тартуды төмендетіп, әлеуметтік-экономикалық дамуын тежейді деп атап өтті. «Қазақстан еліміздің Тәуелсіздігінің бірінші күнінен бастап мақсатты түрде және қадам-қадаммен сыбайлас жемқорлыққа қарсы институт пен механизм, дүние жүзі стандарттарына сәйкес келетін тиімді бағытпен жүріп келеді» - деді Г.Анарбекова.

Семинар барысында судьялар мен мамандар сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу туралы облыстық соттың хаттарын талқылады.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі