Ерейментау аудандық сотында иелену мерзіміне меншік құқығын тану жөнінде азаматтық іс қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Азаматша Н. иелену мерзіміне меншік құқығын тану жөнінде Ерейментау аданының әкімдігіне талап қою арызбен сотқа жүгінді.

Азаматша Н.өз талабында, пәтерді иелену туралы келісім-шартқа сәйкес, 1992 жылдың 22 қазанынан бастап үйдің ½ бөлігінің меншік иесі екенін, үйдің екінші жартысының иесі 2015 жылы қайтыс болған оның азаматтық күйеуі азамат Я. Болып табылатынын көрсеткен.

Өзінің меншік құқығы көрсетілген үлеске ие болуды анықтаудың басқа мүмкіндігі жоқтығынан сотқа жүгінуге мәжбүр екендігін көрсете отырып, талап қою арызын қанағаттандыруды сұраған.

ҚР АК-нің 240-бабына сәйкес мүлiктiң меншiк иесi болып табылмайтын, бiрақ өзiнiң жеке қозғалмайтын мүлкiндей жеті жыл бойы, не өзге мүлiктi кем дегенде бес жыл адал, ашық және ұдайы иеленген азамат немесе заңды тұлға ол мүлiкке меншiк құқығын (иелену мерзiмiн) алады.

Сот шешімімен азаматша Н-ның иелену мерзіміне меншік құқығын тану жөніндегі талап қою арызы қанағаттандырылды.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі