Есіл аудандық сотында «Ашық есік күні» өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола  облысының Есіл аудандық сотына «Ашық есік күні» Балалар үйінің оқушылары келді. Балалар «Төрелік» электронды ақпараттық жүйесінің қолдану бойынша кеңсе жұмысымен танысып, сот отырыстары залдарын қарап шықты.

Сот төрағасы Б.Нұрмағамбетов келушілерге сот жүйесінің дамуы мен сот жұмысы туралы айтып, азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істерін қараудың ерекшеліктерімен таныстырып өтті.

Судья Р.Тоқтаров кәмелетке толмағандарға қылмыстық пен әкімшілік жауаптылық және тағайындалатын жазалау шаралары туралы айтып өтті.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі