Сн, 12/08/2017 - 12:15
Баспаға арналған нұсқасыХат жолдау
Ақмола облысы Есіл аудандық сотында медиация тәртібімен некені бұзу туралы азаматтық іс қаралды.
Сот ұйғарымымен ерлі-зайыптылардың арасында медиативтік келісім келесі шарттар негізінде бекітілді: зайыбы өзінің талап арызынан бас тартты, ал жұбайы отбасын сақтап қалу мақсатында, ерлі-зайыптылар құқықтарын тең сақтауын және отбасы мәселелерін келісіммен шешуіне міндеттенді.
Талапкердің талап арызын беру кезінде мемлекетке төлеген баж салығы кері қайтарылды.
Қайнар:
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі