Есіл аудандық сотында азаматтық іс медиативтік келісім бекітумен қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысы Есіл аудандық сотында медиация тәртібімен некені бұзу туралы  азаматтық іс қаралды.

Сот ұйғарымымен ерлі-зайыптылардың арасында медиативтік келісім келесі шарттар негізінде бекітілді: зайыбы өзінің талап арызынан бас тартты, ал  жұбайы отбасын сақтап қалу мақсатында, ерлі-зайыптылар құқықтарын тең сақтауын  және отбасы мәселелерін келісіммен шешуіне міндеттенді.

Талапкердің талап арызын беру кезінде мемлекетке төлеген баж салығы кері қайтарылды.    

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі