Есіл аудандық сотында көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған бола тұра, автокөлік құралын басқарған азаматтарға қатысты 19 қылмыстық іс қаралды.

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2017 жылдың басынан Есіл аудандық сотында көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған бола тұра, автокөлік құралын басқарған азаматтарға қатысты 19 қылмыстық іс қаралды.

Сот қаулыларымен Есіл ауданының 19 тұрғыны Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігімен («Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған адамның көлік құралын басқаруы») қылмыстық құқық бұзушылық жасағандары үшін кінәлі деп танылып, 5 азаматқа қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы, 14 азаматқа әкімшілік айыппұл тағайындалды.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі