Есіл аудандық сотының төрағасы Красивинск ауылдық округінің, Свободное және Ақсай ауылдарының тұрғындарымен медиацияны дамыту мәселелері бойынша кездесу өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Есіл аудандық сотының төрағасы Қазбек Әбішев Красивинск ауылдық округінің, Свободное және Ақсай ауылдарының тұрғындарымен медиацияны дамыту мәселелері  бойынша кездесу өткізді.

Сот төрағасы Қ.Әбішев кездесуде медиация институты дауларды шешудің ерекше рөлін атқаратынын, сот жұмысындағы жүктемелердің төмендетуіне және дауларды шешудің әдісі екенін айтты.

Сот төрағасы сот тәжірибесінен даулы жағдайдағы тараптарды татуластыратын дауды тиімді шешетін мысалдарды келтірді.

Кәсіби медиатор Гүлдер Аманжолова өз сөзінде  қатысушыларды «Медиация туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларымен таныстырып,   медиация және медиаторлар туралы айтты.

Кездесу  соңында  сот төрағасы сот жүйесінде болып жатқан реформалар туралы, судьяларға қойылатын талаптары, татуластыру рәсімдері туралы, сот отырысындағы дыбыс-бейне және сот ісін жүргізуде мемлекеттік тілді дамыту туралы айтып өтті.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі