Есіл ауданының тұрғыны есірткі заттарын өткізу мақсатынсыз сақтағаны үшін жазаға тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысы Есіл аудандық соты Есіл ауданының тұрғынына қатысты қылмыстық іс қарады.

Сотпен, полиция қызметкерлерімен жедел- іздестіру шараларын өткізу барысында Есіл ауданының тұрғыны ұсталынып,  тінту барысында    42,8606 грамм өлшеміндегі 7 қағаз орамасына оралған гашиш есірткі заты тәркіленгені анықталды.  

Сот үкімімен ер азамат Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 296-бабының 3-бөлігімен (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекурсорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) кінәлі деп танылып,  оған 30 АЕК мөлшерінде айыппұл  жаза тағайындалды.

                                                                                           

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі